RU
Толық нұсқаға өту
Фото: polisia.kz

«Оқуға қабылдандыңыз»: ІІМ жалған SMS-хабарламалар тарап жатқанын ескертті

24.07.2026, 09:52 265

Ішкі істер министрлігі талапкерлердің ІІМ-нің ведомстволық білім беру ұйымдарына оқуға қабылданғаны туралы жалған SMS-хабарламалардың тарап жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Аталған хабарламалар – жалған ақпарат және олардың Ішкі істер министрлігіне ешқандай қатысы жоқ.

Қазір қабылдау науқаны әлі де жалғасып жатыр. Іріктеудің барлық кезеңі аяқталған жоқ. Қабылдау белгіленген мерзімге сәйкес, 15–25 шілде аралығында жүзеге асырылады.

Қабылдау науқанының қорытынды нәтижелері конкурстық іріктеудің барлық кезеңі аяқталып, қабылдау комиссиялары тиісті шешім қабылдағаннан кейін ғана «Qyzmet police» ақпараттық жүйесіндегі талапкердің жеке кабинетінде жарияланады.

«Qyzmet police» ақпараттық жүйесі талапкерлердің оқуға қабылданғаны туралы SMS-хабарламалар жібермейді,-делінген хабарламада.

ҚР ІІМ азаматтарды мұндай хабарламаларға сенбеуге, олардағы сілтемелерге өтпеуге, жеке деректерін жария етпеуге және тек ресми ақпаратқа ғана сүйенуге шақырады.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz