Бүгін Омбыда Қазақстан-Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумы басталады.
Жиында шекара маңындағы сауданы дамыту және стратегиялық серіктестікті дамыту мәселелері талқыланады. Омбы облысы Қазақстанның үш облысымен шектесіп жатыр. Биыл алғашқы төрт айда көрші мемлекеттің бұл аймағы мен біздің елдің тауар айналымы 136 млн АҚШ долларына жетті. Былтырғы дәл осы кезеңмен салыстырғанда 17 пайыз өсім байқалады. Қазақстан Омбыға шамамен 33 млн доллардың тауарын экспорттаған. Ал Омбыдан 103 млн долларға өнім импортталып отыр.
Тегтер #Омбы #форум #шекараPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz