RU
Толық нұсқаға өту
depositphotos.com

Енді колледждердің стадиондары мен бассейндерін жалға алуға болады

24.07.2026, 11:52 53

Елімізде «Білім туралы» заңға енгізілген жаңа түзетулер күшіне енді. Енді азаматтар колледждердің спорттық инфрақұрылымын – спорт залдары, бассейндер мен стадиондарды сабақтан тыс уақытта заңды түрде жалға ала алады, деп хабарлайды «24KZ». 

Бұған дейін мектептен тыс уақытта мұндай спорт кешендерін жалға беру құқығы тек жалпы білім беретін мектептерде ғана бар болатын. Жаңа ережеге сәйкес, қала мен ауыл тұрғындары колледждердің де спорттық ғимараттарына барып, жаттығу жасау мүмкіндігіне ие болды.

Түскен қаражат қайда жұмсалады?

Оқу орындары коммерциялық арендадан түскен қаражатты өз бетінше жұмсай алады. Табылған табыс мына бағыттарға жұмсалады:

  • Спорт залдары, бассейндер мен стадиондарды жөндеуге және күтіп-ұстауға;

  • Жаңа спорттық инвентарьлар мен тренажерлар сатып алуға;

  • Оқу орнының материалық-техникалық базасын жаңартуға.

Оқу-ағарту министрлігінің өкілдері атап өткендей, бұл норма мемлекеттік нысандарды тиімді пайдалануға жол ашады. Сондай-ақ бұқаралық спорттың қолжетімділігін арттырып, колледждерге өз спорт кешендерін заманауи талапқа сай ұстауға қаржылай мүмкіндік береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz