RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Пойызға қандай заттарды алып кіруге болмайды? Жолаушыларға маңызды ескерту

24.07.2026, 12:38 52

Теміржол көлігінде қауіпті және заңмен тыйым салынған заттарды тасымалдауға болмайды. «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушыларға пойызға алып кіруге тыйым салынған бұйымдар тізімін жариялады, деп хабарлайды «24KZ».

Атап айтқанда, пойызға жарылғыш заттар мен құрылғылар, пиротехникалық бұйымдар, радиоактивті және есірткі заттары, тез тұтанатын сұйықтықтар, улы және биологиялық қауіпті материалдар алып кіруге рұқсат етілмейді.
Сондай-ақ тізімде атыс қаруының барлық түрі, оқ-дәрілер, газды және электрлік қарулар, адамға жарақат салуға арналған бірқатар суық қару түрлері бар.
Компания мәліметінше, мұндай заттарды тасымалдауға әрекет жасау Қазақстан заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкелуі мүмкін.
Жолаушылар пойызға отырар алдында вокзалдарда міндетті тексеруден өтеді. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін теміржол вокзалдарында рентген-телевизиялық қондырғылар, металл іздегіштер, бейнебақылау және күзет жүйелері қолданылады.
Қазіргі уақытта «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ның 1 100 жолаушылар вагоны бейнебақылау жүйесімен жабдықталған. Оның ішінде 550 «Тальго» және 550 стандартты вагон бар.
Компания жолаушыларды белгіленген талаптарды сақтауға және сапар кезінде қауіпсіздік ережелеріне жауапкершілікпен қарауға шақырды.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz