Маңғыстау облысында биыл экономиканың негізгі салаларында өсім байқалады.
Алғашқы алты айда өңірдегі өнеркәсіп орындары 2 трлн 100 млрд теңгенің өнімін өндірген. Өсім 3,6%-ға жетті. Оң нәтиже көрсеткен бағыттардың бірі – өңдеу өнеркәсібі болды. Қаңтар-маусым айларында бұл саладағы өндіріс көлемі 39%-ға өсіп, 186 млрд теңгеге жуықтады. Бұл аймақ экономикасындағы шикізаттық емес сектордың үлесі артып келе жатқанын көрсетеді. Инвестиция көлемі де жоғары. 6 ішінде негізгі капиталға шамамен 500 млрд теңге қаржы тартылды. Тағы айта кету керек, облыста құрылыс жұмыстарының көлемі де 12%-ға артып, 178 млрд теңгеден асқан. Осы күнге дейін 275 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға беріліпті.
Тегтер #Маңғыстау #өнеркәсіп #экономикаPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz