RU
Толық нұсқаға өту

Астанада аэротакси сынақтан өткізілді

24.07.2026, 13:20 41

Астанада алғаш рет ұшатын көлік көкке көтерілді. Аэротаксиді құрастырып шығарған компания өкілдері оны сынақтан өткізіп, елордалықтарға таныстырды. 

Әуе көлігі 300 метр биіктікке дейін көтеріліп, сағатына 200 шақырым жылдамдықпен жүйіткиді. Ішіне бес адам сияды. Яғни 500 келіге дейінгі ауыр салмақты оңай көтереді. Аэротакси болашақта көлік кептелісін азайтып, туристік орындарға жылдам жетуге мүмкіндік береді. Тіпті қала арасына қатынайды. Оны шамамен 2029 жылға қарай қолданысқа енгізу жоспарда бар.

Дастан Зайнолла, Alatau Advance Air Grouр компаниясының өкілі:

- Бұл – қалалық әуе мобильділігін дамыту мақсатында жүзеге асырылып жатқан жұмыс. Яғни алғашқы сынақты Алатауда өткіздік, енді оны Астанада жалғастырып жатырмыз. Электрлі болғандықтан, экологиялық тұрғыдан климатқа әсері өте төмен әрі тиімді. Сондай-ақ қала ішінде ұшуға мүмкіндік береді. Ұшу мерзімін 2028 жылдың соңы мен 2029 жылдың басына жоспарлап отырмыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz