RU
Толық нұсқаға өту

Сарыағашта төрт ауылды су басты 

24.07.2026, 14:25 47

Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында толассыз жауған нөсер жаңбырдың салдарынан төрт елді мекенді су басты. 

Тасқын су Дарбаза, Ердәуіт, Ақүй және Жаңаталап ауылдарына жетті. Салдарынан екі елді мекенде 15 тұрғын үйдің ауласы мен 6 көше жаңбыр суының астында қалды. 

Жағдайды тұрақтандыру үшін оқиға орнына төтенше жағдайлар қызметінің құтқарушылары, жергілікті атқарушы органдардың мамандары және полиция қызметкерлері жұмылдырылды. Арнайы техника мен мотопомпалардың көмегімен аулалардағы су сорылып, тасқын су Сарыүйсін каналына бағытталды. Мамандардың мәліметінше, Дарбаза, Ақүй және Жаңаталап ауылдарында су сору жұмыстары толық аяқталған. Ал Ердәуіт ауылында тасқын суды шығару жұмыстары әлі де жалғасып жатыр. Қазіргі уақытта жағдай тиісті қызметтердің бақылауында.

Шыңғыс Сүлейменов, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ресми өкілі:

- Оқиға орнында Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің 30 қызметкері, 10 мотопомпа, үш арнайы техника, сондай-ақ жергілікті атқарушы органның 16 қызметкері мен 6 техникасы жұмыс атқарып жатыр. Қазіргі уақытта жаңбыр суын сору және бұру жұмыстары жалғасып отыр. Осы уақытқа дейін 520 текше метр су сорылып шығарылды. Сонымен қатар тұрғын үйлердің аулаларына судың кіруіне жол бермеу мақсатында 60 қап дайындалып, төселді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz