RU
Толық нұсқаға өту

Әскери даярлыққа арналған оқулық таныстырылды

24.07.2026, 14:37 48

Бүгін Қорғаныс министрлігінің Әскери-стратегиялық зерттеулер орталығы бастапқы әскери даярлыққа арналған жаңа оқулықтың жобасын таныстырды. 

Оны әзірлеуге жауынгерлік дайындық, IT-технологиялар, ұшқышсыз авиациялық жүйелер, әскери тарих, психология, медицина және топография салаларының мамандары қатысқан. Шараға жиналғандар оқулықтың мазмұнына, құрылымына, ақпараттың тартымды берілуіне, тапсырмалардың алуан түрлілігі мен безендірілуіне оң баға берді. Ұйымдастырушылар айтылған ұсыныстардың барлығы оқулықты жетілдіру кезінде ескерілетінін айтады. Жаңартылған оқу құралдарын биыл білім беру ұйымдарында сынақтан өткізу жоспарланып отыр.

Сәулет Қалдашов, ҚР Қорғаныс министрлігі әскери білім және ғылым департаментінің аға офицері:
- Бұл оқулықта әскери істен басқа жауынгерлік дайындық физикалық дайындық бойынша бар. Бұның ішінде алғашқы медициналық көмек туралы мәселелер қарастырылады. Соынмен қатар кибер қауіпсіздік дронға қатысты көп жаңа заманауи тақырыптар осы кітапқа кіргізілді. Батыр ұл-қыздарымызды тәрбиелеу біздің басты мақсатымыз болып табылады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz