RU
Толық нұсқаға өту

«4739» деректі фильмі бүгін 24KZ телеарнасында көрсетіледі

24.07.2026, 15:40 45

Елде 4739 адам өзгенің ағзасына мұқтаж. Қыл үстінде жатқан олардың өмірі донордың қолында.

Алайда трансплантация сөзі жалпыға таныс болғанымен, көпшілік саладағы қазіргі жағдайдан алыс. «Хабар» агенттігі дендеген дертпен күресетін дәрменді медицинаның барын, бірақ, дауа болар донор тапшылығы туралы деректі фильм ұсынады. Фильм «4739» деп аталады. Бұлар – жоғарыда айтқан сәулелі үмітін сөндірмеген науқастар саны. 24KZ телеарнасының журналисі Назерке Тоқжан мен режиссер Берік Шаров түсірген туынды пациенттердің, олардың отбасылары мен медицина қызметкерлерінің шынайы оқиғалары арқылы адам өмірінің құндылығы, жауапкершілік, дер кезінде қабылданған шешімнің маңызы туралы мәселені көтереді. Фильм түрлі көзқарастар мен өмірлік ұстанымдарға құрметпен қарай отырып, ағза трансплантациясы жөнінде қоғамда ашық әңгіме өрбітуге ықпал етуді көздейді. Деректі фильмді бүгін сағат 19:30-да 24KZ телеарнасынан көре аласыздар. 

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz