RU
Толық нұсқаға өту

Астана аспанында аэротакси ұшады

24.07.2026, 15:07 50

Елорда тұрғындары мен қонақтары Қазақстанда алғаш рет тік ұшып, тік қона алатын электрлі аэротаксиді  өз көздерімен көре алады, деп хабарлайды «24KZ». Бұл жоғары технологиялық ұшу аппараты Samruk-Kazyna қолдауымен өтетін «Болашақ ойындары – 2026» (GOTF 2026) халықаралық турнирі аясында көпшілік назарына ұсынылмақ.

Турнир қарсаңында AutoFlight Prosperity электрлі аэротаксиі «Қазанат» ипподромының үстінде демонстрациялық ұшу жасады. Ал 29–30 шілде күндері заманауи әуе көлігі «Барыс Арена» спорт кешенінің алдындағы ашық көрме алаңына қойылады.

Аэротаксидің ішінде «Болашақ ойындарының» ресми маскоттарына арналған арнайы тақырыптық инсталляция орнатылады. Келушілер Ibot роботы, Ar-Lan киберқасқыры, I-Lin бойжеткен және Alem бүркітімен таныса алады.

Сонымен қатар, жарыс өтетін спорт нысандарында арнайы пункттер жұмыс істейді. Көрермендер ұтып алған сыйлықтарды сол орындарға ұшқышсыз дрондар жеткізіп береді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz