Қазақстан жаһандық адам саудасымен күрес шараларына белсенді атсалысып келеді.
Соңғы жылдары қазақстандық дипломаттардың көмегімен шетелден 61 Қазақстан азаматы қайтарылды. Оның ішінде Мьянма аумағынан 49 азамат елге оралды. Сонымен қатар қиын жағдайға тап болған Қырғызстан мен Тәжікстан азаматтарына да көмек көрсетілді. Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, адам саудасымен күрес аясында 80 қылмыстық іс тіркелді. Оның ішінде еңбекке мәжбүрлеу, жыныстық қанау және ағзаларды шығару сынды әрекеттер бар. Еске салайық, 30 шілдеде Дүниежүзілік адам саудасына қарсы күрес күні атап өтіледі. Биыл ол қанаудың жаңа түрі онлайн-алаяқтық саласында қылмыс жасауға мәжбүрлеумен күреске арналады.
Самат Құсетов, ҚР ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің үшінші басқармасының бастығы:
- Жалпы қайта бағыттау тетігі шеңберінде адам саудасының 15 құрбанына көмек көрсетілді. Оның ішінде 11 адамға заңгерлік кеңес берілсе, 3 жәбірленушіге арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсетілді және 1 бала сәбилер үйіне орналастырылды. 29 жәбірленуші мемлекеттік қорғаумен қамтамасыз етілді. Қордан 2 адамға өтемақы төлеу жоспарлануда.
Тегтер #Қазақстан #адам саудасы #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz