Қарағандыда «Заң мен Тәртіп» жалпыұлттық идеологиясы аясында сотталғандарды қоғамға бейімдеуге бағытталған «Жарқын болашаққа бастар жол» атты форум өтті.
Шараны Қарағанды облысының әкімдігі мен облыс прокуратурасы және Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті бірлесіп ұйымдастырды. Форум аясында пробация қызметінің тиімділігі мен қол жеткен жетістіктері айтылып, келешек жұмыс жоспары бекітілді.
Қарағанды облысында 1200 адам пробация қызметінің есебінде тұр. Оларды қайта қоғамға бейімдеу, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында өңірде көптеген жұмыстар жүзеге асырылды.
Ермағанбет Бөлекпаев, Қарағанды облысының әкімі:
- Жыл басынан бастап 653 жұмыс берушінің қатысуымен 60 бос жұмыс орындар жәрмеңкесі ұйымдастырылды. Пробация қызметінде есепте тұрған азаматтарды жұмыспен қамту мақсатында 146 жұмыс орнына квота белгіленді. Өткен жылы 539 азаматқа 47 миллион теңге көлемінде бір жолғы әлеуметтік көмек көрсетілді.
Биыл Қарағанды облысында сотталғандарды еңбек арқылы қайта бейімдеуге бағытталған пилоттық жоба жүзеге асырылды. Бұған қазір 60-қа жуық кәсіпорындар мен шағын және орта бизнес нысаны қолдау көрсетіп отыр. Жазасын өтеп жатқан адамдарға осындай жан-жақты көмек беріліп, толыққанды өмірге қайтару көзделген.
Ерлан Төре, облыс прокурорының орынбасары:
- Жұмысқа орналасу, білім беру, жаңа профессия алу және әлеуметтік-психологиялық, құқықтық көмек беру.
Форум соңында мемлекеттік органдар мен бизнес өкілдері арасында пробация қызметінің есебінде тұрғандарды жұмыспен қамту мен кәсіптік оқыту туралы меморандумға қол қойылды. Шара аясында бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылып, кеңес алаңында кәсіптік оқуға жолдамалар берілді.
Руслан Нұрланұлы, Сайлау Игіліков, Аман Хамит
Тегтер #Заң мен тәртіп #Болашақ #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz