RU
Толық нұсқаға өту

Жетісуда диқандар 9,4 мың гектарға тамшылатып суару жүйесін енгізді

25.07.2026, 09:40 40

Жетісу облысында су үнемдеу технологиясы арқылы игерілетін егіс көлемі ұлғайып келеді. Биыл аймақтағы диқандар 9 мың 400 гектардан астам жерге тамшылатып және жаңбырлатып суару жүйесін енгізді.

Сөйтіп тиімді технологияға бейімделген алқаптың жалпы көлемі 43 мың гектарға жетті. Жаңа жүйені сынақтан өткізіп, игілігін көре бастағандардың қатарында Ескелді ауданының шаруалары да бар.

Герман Нам қызылша алқабының 48 гектарына алғаш рет тамшылатып суару жүйесін енгізді. Арнайы су қоймасын қазып, орнатқан сорғы, сүзгі сынды құрылғылары жиырма жылға жарамды. Дәрумендерді өсімдіктің  тамырына беруімен ерекшеленетін технология төрт айдың ішінде тиімділігін көрсеткен.

Герман Нам, шаруашылық жетекшісі:

- Бұрын 1 гектарға 3 мың куб қана кетті. Жай арықпен суара салғанда бір гектарға 7-8 мың куб керек. Ол басқаша суарғанда күзде ғана 50-60 тоннаға жетер едік. Ал тамшылатып суарғанда 2 ай уақытымыз бар, соның өзінде біз 50-ге жеттік. 

Жетісу облысында 200 мың гектар суармалы алқап бар. Соның 43 мың гектары су үнемдеу технологиясы арқылы игеріледі. Ал республика бойынша бұл көрсеткіш он екі есе көп.

Жандәулет Жаңбырбаев, ҚР АШМ Егіншілік департаменті директорының орынбасары:

- Қазақстан бойынша 1,6 млн гектар жер суармалы болып саналады. Соның ішінде 543 мың гектары су үнемдеу технологиясын қолдануда. Оған қоса мемлекет басшысының тапсырмасы бар. Жыл сайын 150 мың гектар алқапты су үнемдеу технологиясын енгізу. Сол тапсырманың аясында Қазақстан бойынша облыстар енгізіп жатыр.

Еліміздегі жаңбырлатып және тамшылатып суарылатын алқап көлемін жыл соңына дейін 700 мың гектардан асыру көзделіп отыр. Тіршілік нәрін үнемдеп әрі мол өнім алуға мүмкіндік беретін жүйеге көшкен шаруаларды ынталандыру үшін бірқатар жеңілдіктер қарастырылған.

Айдарбек Сапаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Мемлекет тарапынан қолдау да, несие де беріліп жатыр. 80 пайыз субсидия да қайтарылып жатыр. Бұл үлкен жұмыс. Соған біз шаруашылықтарды шақырамыз. Суды үнемдеу технологиясына кірісу керек. Сонда біз жақсы өнім аламыз. Өзіміздің азық-түлік қауіпсіздігінде сенімді жұмысты жүргізе аламыз. Сондықтан өсімдік шаруашылығында біраз мәселе шешілді деуге болады. Техника да беріп жатырмыз. Лизингқа 5 пайыздық 7 жылға алып жатыр. Әлі де қаржыландыру мәселесі жүріп жатыр.

Елімізде су үнемдеу технологиясын енгізуге қатысты арнайы жоспар әзірленген. Ол бойынша 2030 жылға дейін 1,5 млн гектар гектар жер тамшылатып және жаңбырлату әдісі арқылы игерілуі тиіс.

Авторлары: Шыңғыс Қалиден, Жеңіс Әбдрешов

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz