Маңғыстау облысы Қызылтөбе ауылының 13 өрені бір әскери бөлімде отан алдындағы борышын өтеп жатыр.
"Кеше ауылдас едік, бүгін қарулас болдық",- дейді өздері. Тай-құлындай тебісіп қатар өскен достар әскери қызетпен қатар авиациялық мамандықтарды меңгеріп жатыр. Олар автомобильдік оттегі құю станциясын, аэродромдық құрамдастырылған дала машинасын, аэродромдық жылжымалы агрегатты және жанармай құю техникасын пайдалану мен қызмет көрсетуді үйреніп жатыр.
Жасұлан Наурызбаев, қатардағы жауынгер:
- Күні кеше бәріміз бірге доп теуіп, бала кезімізден өсіп келе жатқан едік, міне, бүгін Отан алдындағы борышымыды өтеп жатырмыз. Бір бірімізге демеу беріп, жалғыз қалдырмай бәріміз бірге әскери борышымызды өтеп жатырмыз. Әскери өмір өте әдемі, қасымда балалар болғаннан кейін бір бірмізді демеп, көмек беріп, солай өтіп жатыр уақыт.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #әскер #МаңғыстауPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz