Елорда «Болашақ ойындары – 2026» халықаралық мультиспорттық жарыстың алғашқы қатысушыларын қарсы алды.
Астана әуежайына Черногория мен Аргентина командалары келді. Оларды волонтерлер мен ұйымдастыру комитетінің өкілдері күтіп алды. Жарысқа жалпы саны 800-ден астам адам қатысады. Турнир 29 шілде мен 10 тамыз аралығында өтеді. Спортшылар фиджитал-футбол, баскетбол, хоккей, жекпе-жек, бокс, би дисциплиналары және жаңа форматтағы өзге де спорт түрлері бойынша бақ сынайды. «Болашақ ойындарының» басты ерекшелігі – дәстүрлі спорт пен цифрлық технологиялардың үйлесімі. Қатысушылар алдымен виртуалды кеңістікте жарысып, кейін нақты спорт алаңында өзара мықтыны анықтайды.
Николас Креспо, Аргентинадағы Phygital қозғалысының өкілі:
- «Болашақ ойындарына» үшінші рет қатысып отырмыз. Біздің ойымызша, бұл турнир өз тарихындағы ең үздік дода болмақ. Астана қаласы бізге ұнап жатыр. Мұндағы адамдардың ерекше энергиясын сезіндік. Сондықтан бұл жарыстан күтер үмітіміз зор. Біз мықты құраммен келдік: екі баскетбол командасын, бір футбол ұжымын және би дисциплинасы бойынша бір спортшыны алып келдік. Чемпиондық атақтарды жеңіп алуды мақсат етіп отырмыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Астана #Болашақ ойындарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz