RU
Толық нұсқаға өту

Зейнетақы жарналарына берілетін мемлекеттік кепілдік толық көлемде сақталады

26.07.2026, 19:00 40

Елде міндетті зейнетақы жарналарының сақталуына берілетін мемлекеттік кепілдік толық көлемде сақталады. Бұл нормаға ешқандай өзгеріс енгізілмейді.

Бұл жайында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 2027 жылдан бастап өтемақы төлемдерін жүзеге асыру тетігі өзгереді. Аталған өзгерістер жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына және азаматтардың өз зейнетақы жинақтарын басқару мүмкіндіктерінің кеңеюіне байланысты енгізіліп жатыр, - дейді жауаптылар. Енді азаматтарға зейнетақы жинағының 100 пайызын инвестициялық компаниялардың сенімгерлік басқаруына беруге құқық беріледі. Бұған дейін бұл мүмкіндік жинақтың 50 пайызына ғана қарастырылатын. Ел азаматтары басқарушы компанияны, инвестициялық стратегияны және өздері үшін қолайлы инвестициялық тәуекел деңгейін таңдай алады. Егер ең төменгі кіріс деңгейіне қол жеткізілмеген жағдайда, басқарушы компания тиісті айырманы өз қаражаты есебінен өтеуге міндеттеледі.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz