Алматы қаласының Ақсай шағынауданында түнгі уақытта болған төбелес салдарынан бір жас жігіт пышақ жарақатын алды. Оқиғаға қатысы бар деген күдікпен алты адам ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, түн ортасында «102» арнасына қолында пышағы бар бір топ жастың көшеде жүргені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына жедел жеткен тәртіп сақшылары жанжал кезінде бір азаматтың пышақталғанын анықтады.
Жедел іздестіру шаралары барысында «Буран-308» экипажы оқиғаға қатысы болуы мүмкін алты күдіктіні қолға түсірді. Полицейлердің айтуынша, олардың кейбірінің киімінен қанға ұқсас іздер анықталып, тергеу үшін маңызды заттай дәлелдемелер тәркіленген.
Ұсталғандардың барлығы Әуезов аудандық полиция басқармасына жеткізіліп, олармен қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Қазіргі уақытта полиция жанжалдың шығу себебін, оған қатысушылардың әрқайсының әрекетін және пышақ жарақатын салған адамды анықтауда. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы #қылмыс #жаппай төбелес #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz