Шығыс Қазақстан облысының полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету ісіне заманауи технологияларды енгізуді жалғастырып жатыр. Бөлімшелерге 10 жаңа дауыс күшейткіші бар дрон пайдалануға берілді, деп хабарлайды «24KZ».
Алғашқы профилактикалық ұшулар базарлар, сауда орындары және ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің аумақтарында жүзеге асырылды. Әуеден ұшқышсыз аппараттар дыбыстық үндеулер таратып, азаматтарға қоғамдық тәртіпті сақтау, жеке мүліктің қауіпсіздігіне мұқият болу және заң талаптарын қатаң ұстану қажеттігін еске салды.
Сонымен қатар бұл жаңа құрылғылардың мүмкіндіктері бұдан да кең. Дауыс күшейткіші бар дрондар жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аулаішілік аумақтар мен адам көп жиналатын орындарды патрульдеу, профилактикалық іс-шараларды жүргізу, сондай-ақ іздестіру жұмыстары мен жедел жағдайды әуеден бақылау үшін қолданылады.
Ұшқышсыз технологияларды пайдалану ауқымды аумақтарды жедел шолуға, азаматтарға қауіпсіздік шараларын уақтылы жеткізуге және полиция нарядтарының жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді.
Айта кетейік, заманауи технологияларды енгізу ең алдымен құқық бұзушылықтардың алдын алуға, қоғамдық қауіпсіздік деңгейін көтеруге және “Заң мен тәртіп” қағидатын тиімді жүзеге асыруға бағытталғанын .
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ШҚО #қоғамдық тәртіп #Дрондар #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz