RU
Толық нұсқаға өту

Қазақстанда ауа температурасы +44 градусқа дейін көтеріледі

27.07.2026, 11:25 44

Алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы күрт өзгереді. Республика аумағында жаңбыр жауып, найзағай мен бұрқасын болуы мүмкін, ал елдің оңтүстігінде температура +44 градусқа дейін жетеді.

Бұл туралы «Қазгидромет» ұсынған 2026 жылғы 28-30 шілдеге арналған ауа райы болжамына сілтеме  «24KZ» хабарлайды.

Синоптиктердің мәліметінше, атмосфералық фронтальды бөліктердің әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде қысқа мерзімді жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, жел күшейеді және бұрқ түсуі ықтимал. Сонымен қатар, Шығыс Қазақстан облысында нөсер жаңбыр жауады деп күтілуде.

Дегенмен, республиканың оңтүстік өңірінде Иран аумағынан келетін құрғақ ауа массаларының әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Дәл осы өңірлерде аптап ыстық қайта күшейіп, термометр бағаны +44°C белгісіне дейін көтеріледі.

Мамандардың хабарлауынша, еліміздің батыс аймақтарынан басқа аумақтардың көбінде ауа температурасы біртіндеп көтеріле бастайды. Төтенше жағдайлар қызметі мен синоптиктер тұрғындарға күн сәулесінен қорғанып, қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz