RU
Толық нұсқаға өту

Елорда маңындағы ең үздік демалыс бағыттары

27.07.2026, 13:13 44

Астана тұрғындары мен қонақтарына алысқа ұзамай-ақ, елорда маңынан ұмытылмас әсер сыйлайтын әсем жерлерді табуға болады. Мұнда әркім өзіне ұнайтын демалыс түрін оңай таба алады: мөлдір көл жағасындағы жағажай демалысынан бастап экотуризмге, белсенді саяхат пен жабайы табиғат аясындағы тынығуға дейін барлық жағдай қарастырылған. Демалыс күндерін мазмұнды әрі пайдалы өткізуге көмектесетін елорда маңындағы ең танымал туристік бағыттардың топтамасын «24KZ» назарларыңызға ұсынады. 

Зеренді

Қарағайлы орман мен мөлдір көлдер астасқан табиғат жұмағы. Елорда тұрғындары үшін таза ауада тынығып, белсенді серуен жасауға ең қолайлы орындардың бірі. Көкшетау қыратының етегінде, қалың қарағайлы орман мен мөлдір көлдер қоршауында орналасқан әсем курорттық аймақ. Табиғаты көркем бұл өңір таза ауасымен, емдік қасиеті бар суымен және жартасты шатқалдарымен ерекшеленеді. Мұнда жаяу серуендеуге , тауға шығуға және жағажайда демалуға тамаша жағдай жасалған.

Ақкөл

Елордадан небәрі 1-1,5 сағаттық қашықтықта орналасқан жасыл желекті өңір. Қала қарбауынан демалып, апта соңында отбасымен пикник жасауға таптырмас мекен. Елордаға ең жақын орналасқан жасыл желекті, орманды-көлді аймақтардың бірі. Жолдың жақындығы мен ыңғайлылығының арқасында қала тұрғындары бұл жерге демалыс күндері бір күнге барып қайтуды жиі жөн көреді. Ақкөл көлінің жағасы мен қарағайлы орман іші отбасылық пикник жасауға, серуендеуге және табиғат аясында тынығуға өте қолайлы.

Бұйратау

Қайталанбас табиғи ландшафты мен жабайы табиғаты бар ұлттық парк. Мұнда таулы-далалы аймақтармен қатар еркін жүрген арқарлар мен маралдарды және бизондарды кездестіруге болады. Елорданың маңындағы қайталанбас табиғи ландшафты бар ерекше қорғалатын аймақ. Мұнда Сарыарқаның далалық экосистемасы мен орманды таулар үйлесім тапқан. 

Сілеті

 Сілеті су қоймасы мен өзені орналасқан айрықша аймақ. Балық аулауды, су жағасында палаткамен түнеп, шынайы жабайы демалысты ұнататындардың сүйікті орны.  Соңғы жылдары туристер арасында ерекше танымал бола бастады. Әсіресе мұндағы шатқындар мен жартасты каньондардың көрінісі ерекше сұлулығымен таңғалдырады. Балық аулауды, тыныштықты және палаткамен шынайы жабайы табиғат аясында түнеп демалуды ұнататындардың сүйікті орны.

Қорғалжын

 ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне енген Қазақстандағы бірегей қорық. Теңіз және Қорғалжын көлдері жүздеген мың су құстарының, соның ішінде әлемге әйгілі қызғылт фламинголардың ұя салатын және қоныс аударатын мекені. Мұнда арнайы экологиялық турлар ұйымдастырылып, жабайы табиғатты бақылауға толық жағдай жасалған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz