Қосшы халқы 100 пайыз газбен қамтылды.
Енді жүз мыңдаған жан көгілдір отынның игілігін көреді. Күні кеше қаланың құрылғанына бес жыл толып, тұрғындар мен шаһар қонақтары атап өтті.
Бес жылдың бедерінде қала экономикасына 200 млрд теңге инвестиция тартылып, өңірде өнеркәсіп өндірісі өркен жайды. Айталық, осынша уақытта кәсіпорындарда 49 млрд теңгенің өнімі өндірілді. Алда көрсеткіш көбеймесе, кемімесі белгі. Себебі сол, өңірде индустриялық аймақ құрылды.
Марат Ахметжанов, Ақмола облысының әкімі:
- Қаланың шетінен 220 гектар жер бөліп индустриялық аймақ құрдық. Аkmola Industry агломерациясына байланысты. Жалпы 8 мың тұрақты жұмыс орны болатын индустриялық аймақ болады. Бұл жеріміз тек ғана тұрақты жұмыс орны емес, ол үлкен біздің жоспарымыз бойынша 20 млрд-тай қалаға салық әкеледі.
Қала халқының саны 100 мыңнан асты. Жұрттың жағдайын жақсарту үшін әлеуметтік нысандар салынды. Төрт мектеп қолданысқа беріліп, 1000 адамға арналған емхананың іргетасы қаланды. Алда аурухана халық игілігіне беріледі. Сондай-ақ тұрғындар 100 пайыз табиғи газбен қамтылды.
Ержан Балабеков, "QazaqGaz Aimaq" АҚ Астана және Ақмола облысы бойынша өндірістік филиалының басшысы:
- Қосшы қаласын газдандыру үш кезеңге бөлінген. Бірінші кезеңі 2025 жылдың қыркүйек айында қосылды. Бүгінгі таңда екінші, үшінші кезең қосылып жатыр. Жалпы ұзындығы 356 шақырым газ құбыры салынды және 44 газ реттегіш шкафтік полкалар.
Бұдан бөлек 80 шақырым жол жөнделіп, салынды. Үш жылда 551 пәтер әлеуметтік әлеуеті аз отбасыларға берілді. Бұл бірнеше жылда біткен байырқалы бастамалардың бір бөлігі ғана. Күні кеше қаланың құрылғанына 5 жыл толып, аталып өтілді.
Шернияз Жалғасбекұлы, Мейрам Жүнісов, Бақытбек Нұртаев
Тегтер #Қосшы қаласы #лесная поляна #қала #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz