Елімізде үйірлі шегірткеге қарсы қорғаныс шаралары толық көлемде аяқталды.
Зиянкестерді жою мақсатында 1,8 млн га алқапқа химиялық өңдеу жұмыстары жүргізілді. Бұл туралы Агроөнеркәсіп кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы Сәкен Қаныбеков мәлімдеді. Оның айтуынша, барлық жұмыс тиісті мерзімде орындалды. Дақылды егістіктерге зиян келтіру фактілері тіркелген жоқ. Фитосанитариялық қызметтің материалдық-техникалық базасы да едәуір жақсартылды. Мәселен, ведомство өңдеуге қажетті 103 дрон мен 59 мамандандырылған автокөлік сатып алды. Айта кетерлігі, енді зиянкестерге қарсы жұмыстарды «FITOCENTRE» ақпараттық қосымшасы арқылы онлайн режимде бақылауға болады.
Сәкен Қаныбеков, ҚР АШМ Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетінің төрағасы:
- Жоғары биологиялық тиімділігі бар пестицидтер қолданылды. Сонымен қатар шегірткеге қарсы іс-шараларға қатысты азаматтардың өтініштерін жедел қарау мақсатында арнайы call-орталық пен Telegram-бот жұмыс істеді. Өңірлерде барлық мүдделі қызметтің жұмысын үйлестірген жедел штабтар тұрақты негізде жұмыс атқарды. Шекара маңындағы аумақтардағы фитосанитариялық жағдай тұрақты. Үйірлі шегіртке зиянкестерінің көші-қону жағдайлары тіркелмеген.
Тегтер #шегіртке #күрес #24KZ #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz