RU
Толық нұсқаға өту

Шымкенттіктердің екі миллиард теңге айыппұлы кешірілді

27.07.2026, 19:11 38

Шымкенттің 55 мыңнан астам тұрғыны Жаңа Конституцияның қабылдануына орай жарияланған әкімшілік рақымшылыққа ілікті.  

Оларға қатысты 107 мыңға жуық іс тоқтатылып, екі миллиардқа теңгеге жуық айыппұл кешірілді. Полиция департаменті осындай деректер келтірді. Ауқымды шара аясында ұсақ бұзақылықтар, санитарлық-тазалық талаптарын сақтамау және жол қозғалысы ережелерін бұзу жағдайлары қамтылды. Сала мамандары бір реттік ізгілік тұрғындардың қаржылық жүктемесін жеңілдетіп, қоғамға қайта бейімделуіне оң септігін тигізетінін айтады. Айта кетейік, бұл хаттамалардың күші ешқандай өтініш-арызсыз, автоматты түрде есептен шығарылады.

Бақыткелді Әбдіраманов, қалалық ПД басқарма бастығының орынбасары:

- Елімізде алғаш рет әкімшілік рақымшылық жүргізілді. Ол заңда көзделген баптар бойынша азаматтарды әкімшілік айыппұл төлеуден босату қарастырылды. Осы орайда рақымшылық нәтижесінде Шымкент қаласында 55 мыңнан астам азамат айыппұл төлеуден босатылып, жалпы сомасы 2 млрд теңгеге жуық айыппұлдар орындалу тоқтатылды.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz