Қазақстанда екі бірдей ірі инфрақұрылымдық жоба жүзеге асып жатыр.
Осылайша елде қуат желілерін күшейтіп, халықты электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз ету көзделген. Бұл бастамалар электр энергиясын ел ішінде біркелкі таратуға және жаңа қуат көздерін қосуға мүмкіндік береді.
"KEGOC" компаниясы қазір екі бірдей электр желісін салып жатыр. Алғашқысы Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің Оңтүстік бөлігін күшейтуге бағытталған.
Негізгі мақсат –аймақ тұтынушыларын электр энергиясымен тұрақты қамтамасыз етіп, облыстар арасындағы байланысты нығайту.
Ермаханбет Атақұлов, "KEGOC" АҚ пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директоры:
- Бірінші жоба бойынша 500кВт қосалқы Шу станциясынан Жамбыл, Шымкентке дейін 475 шақырым 500кВт электр желісі салынуда. Бұл жоба өзінің белгіленген кестесімен жұмыс жүргізілуде. Аяқталу мерзімі 2027 жылы 1 шілдеге дейін.
Екінші жоба бойынша 500кВт Қарабатан-Өлке бағыты бойынша ұзындығы 600 км-ге жуық электр жеткізу желісі салынып жатыр. Бұл жоба батыс аймақтардың энергетикалық жүйесін Қазақстанның бірыңғай электр энергетикалық жүйесімен біріктіреді. Оны 2027 жылдың 30 желтоқсанына дейін аяқтау жоспарланған.
Ермаханбет Атақұлов, "KEGOC" АҚ пайдалану және күрделі құрылыс жөніндегі басқарушы директоры:
- Бірінші жоба жүзеге асырылғаннан кейін біз оңтүстік өңіріне 400 мегаватт электр желісін қосымша таратуға мүмкіндік береді. Ал екінші жобаның негізгі мақсаты бізде қазіргі таңда батыс пен орталықтың арасында 500 киловатт электр желісі жоқ. Сондықтан ол екі аймақты қосуға мүмкіндік береді.
Бүгінгі таңда екі жоба бойынша тіректерге іргетастарды орнату және жеткізу, сым мен найзағайдан қорғайтын арқансымды монтаждау бойынша құрылыс-монтаждау жұмыстары жүріп жатыр. Сондай-ақ элегаздық ажыратқыштар, айырғыштар, кернеу трансформаторлар, автотрансформаторлар мен реакторлар жеткізілді.
Серік Селеубайұлы, Мерей Талап
Тегтер #Қазақстан #Ұлттық #электр желісі #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz