Астана полициясы «Болашақ ойындары» халықаралық турнирі кезінде күшейтілген режимде қызмет атқарады, деп хабарлайды «24KZ».
Астана қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, 29 шілде мен 9 тамыз аралығында елорда төрінде әлем назарын өзіне аударатын ауқымды халықаралық спорттық дода – «Болашақ ойындары – 2026» өтеді. Цифрлық технологиялар мен дәстүрлі спортты ұштастыратын жарысқа әлемнің үздік спортшылар, халықаралық делегациялар, жанкүйерлер мен туристер келеді деп күтілуде.
Осыған байланысты Астана қаласының Полиция департаменті, қосымша құрылымдардан қамтамасыз ету мақсатында күшейтілген қызметтік режимге көшеді.
Сонымен қатар жол қозғалысының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше назар аударылады. Жарыс өтетін нысандардың маңында көлік қозғалысы реттеліп, кептелістердің алдын алу, арнайы көліктердің кедергісіз жүруін қамтамасыз ету және жаяу жүргіншілердің қауіпсіздігін сақтау бойынша кешенді шаралар қабылданады. Осыған байланысты жекелеген көшелерде қозғалысқа уақытша шектеулер енгізілуі мүмкін.
Астана қаласының Полиция департаменті тұрғындар мен қала қонақтарын қоғамдық тәртіпті сақтауға, қауіпсіздік талаптарын қатаң ұстануға, полиция қызметкерлерінің заңды талаптарына түсіністікпен қарауға шақырды.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Астана полициясы #күшейтілген режим #Болашақ ойындары – 2026 #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz