RU
Толық нұсқаға өту

ШҚО-да заңсыз алтын өндірген бір топ азамат ұсталды

28.07.2026, 14:00 42

Шығыс Қазақстан облысында астыртын алтын өндірген топтың жолы кесілді.  Заңды белден басқан 30 адамның арасында Қытай азаматтары да бар.  

Бұл туралы Қаржылық мониторинг агенттігі хабарлады. Ұсталған топ Марқакөл ауданындағы Ақбұлақ ауылының маңында рұқсатсыз жұмыс істеген. Салдарынан қоршаған ортаға елеулі залал келген. Топырақтың құнарлы қабаты бүлініп, жер бедерінің табиғи құрылымы бұзылып, өзен арнасы өзгертілген. Қазір бұған қатысты тергеу жалғасып жатыр.

Ернар Тайжан, ҚМА ресми өкілі:

- Заңсыз жұмыстар жалпы аумағы 30 гектар жер учаскесінде ауыр арнайы техника мен өндірістік кешендерді пайдалану арқылы жүргізілген. Заңсыз қызметке 30-дан астам адам, оның ішінде Қытай Халық Республикасының азаматтары тартылған. Тінту барысында алты 40 тонналық жүк көлігі, төрт шынжыр табанды экскаватор, бір тиегіш, сондай-ақ құрамында алтыны бар кенді өндіруге және жууға арналған екі өндірістік кешен тәркіленді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz