Алматыда зейнеткерді телефон алаяқтарынан құтқаруға көмектескен курьер Нартай Есімханов марапатталды, деп хабарлайды «24KZ».
Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, курьер тапсырысты орындау кезінде зейнеткердің қатты қобалжып тұрғанын байқап, күмәнді жағдайға байланысты тапсырысты орындамаған және бірден полицияға хабарлаған.
Тексеру барысында егде жастағы әйелдің алаяқтардың арбауына түсіп, 3 мың АҚШ долларын «тексеруге» беремін деп пакетке салып жібергені анықталған. Курьердің белсенді әрекетінің арқасында қылмыстың жолы кесіліп, зейнеткердің ақшасы толық қайтарылды.
Азаматтық ұстанымы үшін оған Алматы полиция департаментінің бастығы Айдын Кабдулдинов Алғыс хат пен естелік сыйлық табыстады.
Әженің көзіне қарағанда оның қатты қорқып тұрғанын түсіндім. Оны шын жүректен аядым. Сол кезде өз анам есіме түсіп, «Оның орнында менің анам болса ше?» деген ой келді. Сондықтан бірден полицияға хабарластым. Дұрыс шешім қабылдадым деп ойлаймын, — деді Нартай Есімханов.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Алматы #алаяқтар #зейнеткер #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz