RU
Толық нұсқаға өту

Оралда өрт салдарынан қалалық төтенше жағдай жарияланды

28.07.2026, 19:23 32

Аптап ыстықтан Оралдағы қоқыс полигонында өрт шығып, қаланы көк түтін басты. 

Полигонның жалпы аумағы 35 гектар, соның үштен бірі әлі бықсып жатыр. Өртті сөндіруге төтенше жағдай департаменті мен коммуналдық кәсіпорындардың 45 арнайы техникасы жұмылдырылды. «50 жыл бұрын салынған полигонның астында газ да жиналған. Өрттің өршуіне сол себеп», - дейді мамандар. Осы өртке байланысты қалада төтенше жағдай жарияланды.

Жандос Дүйсенғалиев, қала әкімінің орынбасары:

- Бүгін де 28-і күні әлі күн ыссы, сонымен қатар жел де қатты. Осы мәселелерді ескере келе бүгін қала әкімінің шешіміне сәйкес қала аумағында қалалық деңгейдегі төтенше жағдай режимін жариялаған болатынбыз. Яғни осы төтенше жағдай режиміне сәйкес, жаңа айтып өткендей жану-жағармай мәселесі, жеке құрамды тамақтандыру мәселесі, басқа да жедел ұйымдастыру шараларына атқарылатын жұмыстарды тез шешім қабылдауға бізге былай айтқанда көмек тигізеді.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz