RU
Толық нұсқаға өту

Қарағандыда Qoldau орталығы мүгедек жандарға жұмыс табуға көмектеседі

29.07.2026, 08:15 35

Қарағанды облысында жыл басынан бері мүгедектігі бар 1200-ден астам адам жұмысқа орналасты.

Ерекше қажеттілігі бар жандарға Qoldau орталығы жәрдем береді. Орталық мамандары үміткер өтініш берген сәттен бастап қасында жүріп, бос жұмыс орындарын таңдауға көмектеседі.

Іңкар Нұрмағанбетова жазатайым оқиға салдарынан мүгедек болып қалған соң басқа мамандықты игеруге мәжбүр болдым дейді. Жұмысқа орналасуына мансап орталығы көмек берген. Қазір ол Qoldau деп аталатын жаңа орталықтың маманы. Негізгі міндеті - ерекше қажеттілігі бар адамдарға жұмыс табуға көмектеседі.

Іңкар Нұрмағанбетова, QOLDAU орталығының маманы:

- Бұл біз үшін өте маңызды. Себебі қоғамда бәрібір аздап болса да ерекшелігі бар адамдарды бөлу сезіледі. Qoldau орталығы өзгелердің мүмкіндігі шектеулі жандарға деген көзқарасын өзгертуге себепші болып отыр. Біз барлық адамдармен тең дәрежеде жұмыс істей аламыз. 

Qoldau орталығында үміткерлер үшін жеке-жеке жұмысқа орналасу бағыты жасалады. Мамандар олардың денсаулық жағдайын, еңбекке қабілеттілік деңгейін және кәсіби дағдыларын ескере отыра қолайлы жұмыс таңдайды. Жұмыс іздеуші өтініш берген сәттен бастап қасына еріп жүріп, құжаттарын рәсімдеуге жәрдем береді. Мәселен, Карина Қуанышева ишара тілін меңгерген маман. Ол есту және сөйлеу қабілеті нашар адамдарға қолайлы жұмыс табуға көмектеседі. Әлеуметті жұмыс берушілермен кездесуге ертіп барып, олармен байланыс орнатуға себепкер болады. 

Карина Қуанышева, мансап орталығының маманы:

- Егер жұмыс іздеуші мұнда келе алмаса, біз онымен бейне байланысқа шыға аламыз.  Бұл тәжірибе де сәтті жүзеге асып келеді. Қазірдің өзінде бір адам өзіне лайық жұмыс тапты. Тағы бір қыз бала осында тазалаушы болып орналасты. Ол адамдардың есту немесе сөйлеу қабылеті болмаса да жұмыс істеп, нәпақасын табуға мүмкіндігі зор.

Өңірде жыл басынан бері ерекше қажеттілігі бар 1509 адам мансап орталықтарына жүгінген. Оның 1237-сі жұмысқа орналастырылды. Басым бөлігі әрине қысқа мерзімді оқытудан өтті. Бұл ретте жұмыс берушілерге де қолдау бар. Мүгедектігі бар қызметкерлердің жалақысының бір бөлігін мемлекет өтейді. 

Нұржан Сыздықов, облыстық еңбек мобильділігі орталығының директоры:  

-Қысқа мерзімді оқуға жаңағы, грантқа бағыт-бағдар беру үшін сол себептен, тікелей мүгедектігі бар тікелей жұмыс істеу үшін қолдау орталығы ашылды. Өздеріңіз көріп тұрғандай әр адам осы қолдау орталығына келіп өздерінің электрондық кілттерін ашуға болады, бизнес пландарды қарауға болады. Осы арнайы компьютерлер орналастырылған. Сол жерге келіп көруге болады. 

Биыл сондай-ақ мүгедектігі бар 31 адам 1 миллион 700 мың теңгеден мемлекеттік грант алды. Ол қаржыны өз ісін ашуға немесе бизнесін одан әрі дамытуға бағыттай алады. 

Елдос Кәкенов, Лиана Жамлиханова, Сайран Акамбаев, Аман Хамит

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz