Қорғаныс министрлігі «Сарбаз күнделігі» атты жаңа медиапроектіні іске қосты. Жоба аясында мерзімді әскери қызметшілер әскери өмірдің алғашқы күнінен бастап дембелге дейінгі аралықтағы қызық пен қиындыққа толы сәттерін көрсетпек, деп хабарлайды «24KZ».
Жобаның қатысушылары - еліміздің әр түкпіріндегі гарнизондардан келген көктемгі шақырылым сарбаздары. Олар өздерінің күнделікті әскери тұрмысы, дайындығы, алғашқы жетістіктері мен сынақтары туралы баяндайды.
Көрермендер бейнедневниктер, сұхбаттар, репортаждар мен қысқаша роликтер форматы арқылы мынадай сәттердің куәсі бола алады:
Әскери ант қабылдау рәсімі;
Далалық шығулар мен полигон жұмыстары;
Жауынгерлік және дене шынықтыру дайындығы сабақтары;
Әскери мамандықты игеру процесі;
Казармалық өмірдің шынайы тыныс-тіршілігі.
Қорғаныс министрлігі бұл жоба мерзімді әскери қызметті сарбаздардың өз көзімен — ешқандай қоюсыз және әсірелеусіз, шынайы түрде көрсетуге бағытталғанын атап өтті.
Айта кетейік, жаңа шығарылымдарды ведомствоның YouTube, Telegram, Instagram және TikTok желілеріндегі ресми парақшалары арқылы көруге болады.
Тегтер #сарбаз күнделігі #әскер #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz