RU
Толық нұсқаға өту

Өскемен маңында әскери бөлімнен қашып кеткен сарбаз табылды

29.07.2026, 12:27 44

Өскеменде 27943 әскери бөлімінің аумағынан өз бетінше кетіп қалған мерзімді әскери қызметші табылды, деп хабарлайды «24KZ» Бас әскери полиция басқармасына сілтеме жасап.

Әскери полицияның мәліметінше, 23 шілдеде бөлімнен қашып кеткен қатардағы жауынгер облыс орталығынан 20 шақырым қашықтықта қолға түсіп, әскери полиция бөліміне жеткізілді.

Әскери қызметші облыс орталығынан 20 шақырым жерден табылды. Оның өмірі мен денсаулығына ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ, – делінген ресми хабарламада.

Алдын ала мәліметтер бойынша, сарбаздың әскери бөлімнен кетуіне үйін сағыну себеп болған. Өз кезегінде Бас әскери полиция басқармасы әскери қызметшінің командирлері мен әскери қызметтестері тарапынан ешқандай жарғыға қайшы әрекеттер немесе өкілеттікті асыра пайдалану деректері болмағанын атап өтті.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша тиісті тексеру жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайы анықталып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz