RU
Толық нұсқаға өту
Фото: depositphotos.com

Алматыда үш жыл бойы іздеуде жүрген алаяқ ұсталды

29.07.2026, 12:47 47

Аса ірі көлемдегі алаяқтыққа қатысы бар деген күдікпен іздеуде жүрген 37 жастағы Қарағанды тұрғыны Алматыда бет-әлпетті тану функциясы бар бейнебақылау жүйесінің көмегімен ұсталды, деп хабарлайды «24KZ».

Тергеу мәліметінше, күдікті жәбірленушіге 44 миллион теңгеден астам материалдық шығын келтірген. Сот үкімімен пробациялық бақылауда болған ол 2023 жылы тұрғылықты жерінен өз бетінше кетіп, ізін жасырған.

Үш жыл бойы құқық қорғау органдарынан бой тасалап жүргеніне қарамастан, оны іздестіру тоқтаған жоқ. Жедел ақпараттың нәтижесінде күдіктінің Алматыда жүргені анықталды.

Ол супермаркеттердің біріне барған кезде қалалық бейнебақылау камерасына түсіп қалған. Бет-әлпетті тану жүйесі нейрожелі технологиясының көмегімен оның бейнесін іздеуде жүрген тұлғалардың деректер базасымен салыстырып, жеке басын анықтаған.

Жүйеден түскен дабылдан кейін полиция қызметкерлері жедел әрекет етіп, күдіктіні ұстады. Жеке басы расталған соң ол Қарағанды облысы полициясының қызметкерлеріне тапсырылып, туған қаласына этаппен жеткізілді.

Қазір күдікті қамауда отыр. Алдағы уақытта пробациялық бақылау туралы бұрынғы сот үкімінің күшін жою және жазаның өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түрінде өтеу мәселесі қаралады.

 «24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz