RU
Толық нұсқаға өту

Министрлік су қоры вегетациялық кезеңге жеткілікті деп мәлімдеді

29.07.2026, 18:00 34

Елімізде вегетациялық кезең тұрақты өтіп жатыр. Су ресурстары және ирригация министрлігінің мәліметіне сүйенсек, суару маусымына дайындық былтырдан басталып, су шаруашылығы инфрақұрылымы алдын ала әзірленген.

Биыл 1,2 миллион гектар егіс алқабын суару үшін шамамен 11 миллиард текше метр су алу жоспарланған. Бүгінде шаруалар 7,8 миллиард текше метр су пайдаланып, 870 мың гектарға жуық алқап суарылды. Қазір елдегі ірі су қоймаларында 64,2 миллиард текше метр су жиналған.  Министрлік қолда бар су қоры вегетациялық кезеңнің қажеттілігіне жеткілікті екенін мәлімдеді.

Сейілбек Нұрымбетов, Су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитетінің төрағасы:

- Су пайдалану лимиттерінің сақталуына және егіс алқаптарының құрылымына ерекше назар аударылуда. Мемлекет басшысының тапсырмасын іске асыру аясындағы Ауыл шаруашылығы министрлігімен бекітілген Жол картасы шеңберінде биыл күріш егісі республика бойынша 80,3 мың га көлемінде бекітілді. Өткен жылдың соңында - биылдың басында арнайы жұмыс топтары құрылып, әр өңірде су қоймаларында жинақталған судың көлемі лимиттер және суды көп қажет ететін дақылдарды осы Жол картасы аясында оңтайландырып, егу бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, сол жұмыс тобы арнайы лимиттерді бекіткен болатын.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz