RU
Толық нұсқаға өту

Қарағанды облысында екі теміржол вокзалы жаңартылды

29.07.2026, 18:10 346

Қарағанды облысында қайта жаңғыртудан өткен теміржол вокзалдары қолданысқа берілді.

Атап айтқанда, 1940 жылы іске қосылған, ауданы 750 шаршы метрден астам аумақты алып жатқан Дария станциясы вокзалы толықтай жөндеуден өтті. Екі қабатты нысанның инженерлік инфрақұрылымы жаңартылып, өрт қауіпсіздігі талаптарына сәйкес жаңа эвакуациялық шығу жолдары қарастырылды. Өйткені станция арқылы Астана, Қарағанды, Жезқазған, Семей, Балқаш сынды 12 бағытқа қатынайтын 10 жолаушылар пойызы өтеді. Сол сияқты 87-ші жылы салынған, 500 шаршы метрге жуық аумаққа созылған Мырза станциясы вокзалы да қайта жаңғыртылды. Ғимараттың инженерлік коммуникациялары жетілдіріліп, ішкі бөлмелері мен қасбеті жөндеуден өтті. Жолаушылардың қауіпсіздігі мен жайлылығын қамтамасыз етуде өзге де кешенді шаралар іске асқан. Нәтижесінде станция арқылы Қарағанды, Қостанай, Астана және Көкшетау қалалары арасында 6 жолаушылар пойызы қатынайды. Құрылыс-монтаж жұмыстарын орындау барысында толықтай отандық өндіріс материалдары қолданылған.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz