Шымкентте құжаты жоқ екі мыңнан астам тұрғын үй анықталды. Қалалық жер қатынастары басқармасының мәліметінше, арнайы жұмыс тобының зерделеуінен кейін бұл баспаналардың 483-і тұруға жарамсыз деп танылды.
Қауіпсіздік талаптарына сай келмейтін нысандардың жартысы сүріліп, жер учаскелері мемлекеттік қорға қайтарылды. Мамандардың айтуынша, тығырыққа тірелген тұрғындардың көбі алаяқтардың арбауына түскен. Олар «құжатын кейін жасап береміз» деген құрғақ сөзге сеніп, қоныстанып алған. Осыған байланысты өз бетінше салынған өзге тұрғын үйлерді заңдастыру мәселесі қарастырылып жатыр. Айта кетейік, жыл басынан бері басқармаға 22 мыңнан астам адам өтінішпен жүгінген.
Азат Исламов, Қалалық жер қатынастары басқармасының басшысы:
- 2026 жылы жаңадан басып алынған жерлер заңдастырылмайды. Барлығы тек инженерлік желілерге қосылған, су мен электр жүйелерімен қамтылған, бұрыннан тұрып келе жатқан үйлер ғана заңдастырылады. Қазір заңдастыруға көмектесеміз. «Жекеме шық» деген сияқты әлеуметтік желілерде тарап жатқан түрлі шындыққа жанаспайтын ақпаратқа сенбеулеріңізді сұраймыз.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #Шымкент #құжатPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz