Балқашта жаңа мыс зауыты салынады. Жаңа жоба Президент тапсырмасына сай қолға алынады.
Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды. Соның арқасында 1200 тұрақты жұмыс орны ашылады. Жобаға 750 млрд теңге инвестиция тартылып отыр. Кәсіпорын құрылысы келесі жылы басталып, 2030 жылы аяқталуға тиіс. Зауытта жылына 300 мың тонна, 10 тонна алтын, 300 тонна күміс және 1,5 млн тоннадан аса күкірт қышқылы өндіріледі. Жаңа зауыт іске қосылғанда елдегі мыс шикізатын қайта өңдеу көлемі бір жарым есеге артып, жылына 800 мың тоннадан асады. Ал экспорт 460 мың тоннадан 760 мың тоннаға жетеді.
Тегтер #Балқаш #экспорт #мыс зауыты #ТаңдаулыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz