Әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен видеодан кейін белгілі қазақстандық блогер әрі спортшы Айтым Жақыпов әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды «24KZ».
Осыған дейін әлеуметтік желілерде Mercedes-Benz көлігінің жүргізушісі бірнеше жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған видеосы тараған еді. Куәгерлер бұл оқиға Астанадағы Қарқаралы тас жолында, LRT желісі бойында болған.
жол жиегімен жүрген;
жол белгілерінің талаптарын елемеген;
бұрылу сигналын қоспай маневр жасаған;
авариялық жағдай туындатқан;
қарама-қарсы бағыттағы қозғалыс жолағына шыққан.
Әлеуметтік желі қолданушылары көліктің мемлекеттік нөмірі арқылы оның тізгінінде Айтым Жакупов болғанын тез арада анықтап шықты. Көп ұзамай блогердің өзі де рөлде болғанын растап, көпшіліктен ресми түрде кешірім сұрады.
Шын мәнінде, қатты асықтым. Егер қолайсыздық тудырсам, шынайы кешірім сұраймын! – деп жазды блогер.
Астана қалалық Полиция департаменті бұл дерек әлеуметтік желілерге мониторинг жасау барысында анықталғанын хабарлады.
Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында Mercedes-Benz маркалы автокөлік жүргізушісінің жол қозғалысы ережелерін бұзған бейнежазбасы анықталды. Жүргізушінің жеке басы белгілі болды. 34 жастағы құқық бұзушы жол белгілерінің талаптарын сақтамағаны, қарама-қарсы бағытта жүру және маневр жасау ережелерін бұзғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, – делінген полиция хабарламасында.
Айта кетейік, Айтым Жақыпов – Instagram желісінде 3,9 миллион оқырманы бар танымал блогер, воркаут бойынша рекордымен, пауэрлифтингпен және артық салмақтан зардап шегетін адамдарға көмектесетін жобаларымен кеңінен танымал спортшы.
Тегтер #Айтым Жақыпов #жол ережесі #Астана #блогер #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz