RU
Толық нұсқаға өту

Сайлауалды науқанда жалған ақпарат жиілеуі мүмкін 

30.07.2026, 13:11 32

Сайлауалды кезеңде жалған ақпарат жиілеуі мүмкін. Қазірдің өзінде ғаламторда партия өкілдерінің бейнелері заңсыз пайдаланылған жазбалар тарап кетті. 

Бұл туралы Президент жанындағы Қазақстан стратегиялық зерттеулер институты ұйымдастырған «Сайлау-2026» сарапшылық алаңында айтылды. Мамандар дипфейкке қатысты жауапкершіліктің барын және бұл науқанда тек ресми ақпаратқа жүгіну қажеттігін еске салды.

Найла Мұхтарова, саясаттанушы:

- Азаматтың келісімінсіз бет-бейнесін қолдану деген заңға қарама-қайшы дүние. Бүгінгі күні одан басқа көптеген фейк ақпарат тарап жатыр қоғамда. Ол жалпы жаһандық тенденция, жалғыз Қазақстанда болып жатқан жоқ. Ол дегеніміз бүгінде азаматтың ақпараттық дереккөздерінің көбінде. Мәселе ақпараттың аздығында емес, көлемінде емес, азаматтың ақпаратқа деген сенімінде. 

ЖИ қолданылған контент таңбалануға тиіс 

Енді жасанды интеллект арқылы жасалған немесе өңделген контентті таңбалау қажет. Жиынға қатысушылар цифрлық дәуірдегі осы бір бағыттың маңызына да тоқталды. Арнайы белгі болмаса, сол жазбаның авторына айыппұл салынады. 

Жандос Шаймарданов, ҚР Президенті жанындағы ҚСЗИ директоры:

- Шілде айынан бастап Цифрлық кодекс күшіне енді. Енді жасанды интеллект пайдаланылған әрбір контент пен өнім міндетті түрде таңбалануы тиіс. Мысалы, егер ролик жасанды интеллект құралдарының көмегімен жасалса, онда оның үстінде немесе сипаттамасында «Жасанды интеллект құралдарымен жасалған» деген арнайы белгі болуы керек.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz