RU
Толық нұсқаға өту

Жамбыл облысында 7 жаңа сайлау учаскесі ашылды

30.07.2026, 13:20 37

Жамбыл облысында 7 жаңа сайлау учаскесі ашылып, 64 учаскенің шекарасы өзгертілді. 

Бұл – сайлаушыларға қолайлы жағдай жасап, дауыс беру процесін тиімді ұйымдастыру мақсатында қолға алынған шара. Алдағы Құрылтай депутаттарының сайлауына облыста 730 мыңнан астам тұрғын қатысады деп күтілуде. Олар 520 сайлау учаскесінде дауыс береді. Қазір учаскелерде бір үлгідегі дауыс беру кабиналары орнатылып, бейнебақылау жүйелері мен интернет желісі дайындалып жатыр. Сондай-ақ мүгедектігі бар азаматтардың дауыс беруіне қажетті жағдайлар қарастырылған. Жалпы сайлау науқанына өңірде 532 сайлау комиссиясы жұмылдырылған. 

Серғали Айдапкелов, Облыстық сайлау комиссиясының төрағасы:

- Сайлау комиссиялары мүшелерінің 92,3 пайызы 3 жылдан 5 жылға дейін сайлау өткізу тәжірибелері қалыптасқан. Қазіргі кезде сол сайлау комиссияларының мүшелерін кәсіби деңгейін көтеру мақсатында осы алдағы тамыз айының бірінші онкүндігінде оқыту семинары өтеді. Қызметін мәдени түрде көрсету, сайлау учаскесінің жұмысын ұйымдастыру жұмыстары тұрғысында оқытатын боламыз.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz