«Суды үнемде! Болашаққа сақта!». Қызылорда облысындағы «Қамбаш» жазғы демалыс лагерінде осындай үндеумен балаларға арналған танымдық акция ұйымдастырылды.
Жеткіншектер он күн бойы дебат, сурет байқауы, эссе жазу, спорттық сайыстар мен экологиялық шараларға қатысты. Балаларға тіршілік нәрін тиімді пайдалану туралы дәрістер оқытылып, бейнероликтер көрсетілді. Қазір Қазақстанда судың 60 пайызы ауыл шаруашылығында, ал қалғаны өндіріс пен күнделікті тұрмыстық қажеттерге пайдаланылады.
Нәжмадин Шамұратов, «Қазсушар» РМК ОФ директорының міндетін атқарушы:
- Қазіргі таңда дүние жүзінде суды үнемдеу бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Қазақстанда да бұл бағытта Су ресурстары және ирригация министрлігі жүйелі жұмыстар жүргізуде. Соның бірі – «Мөлдір бұлақ» және «Суды үнемде! Болашаққа сақта!» акциялары. Сондықтан бұл акциялар бір күндік шара болып қалмауы керек, олар тұрақты түрде өткізіліп отырғаны жөн. Өйткені негізгі мақсат – суды үнемдеу мәдениетін балалардың санасына сіңіру.
Тегтер #Таза Қазақстан #су үнемдеу #Қызылорда облысыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz