RU
Толық нұсқаға өту
Фото: Алматы қаласының әкімдігі

Алматыда автотұрақ пайдалану ережелері өзгереді

30.07.2026, 17:07 41

Алматыда автотұрақ кеңістігін тиімді пайдалану үшін жаңа қағидалар енгізілмек. Бұл туралы қалалық мәслихат отырысында Жол қозғалысы және жолаушылар көлігін ұйымдастыру басқармасының басшысы Ержан Диханбаев мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».

Жаңа жобаға сәйкес, көпқабатты тұрғын үйлердің тұрғындары тұрғылықты жерінен 500 метр радиуста орналасқан бір коммуналдық автотұрақта бір көлігін тегін қоя алады. Бұл ретте жүргізушіге нақты тұрақ орны бекітілмейді. Мамандардың айтуынша, мұндай тәсіл автотұрақ орындарын тиімді пайдалануға мүмкіндік береді.

Құжатта автотұрақтарды жабдықтау, жұмыс тәртібі және төлем жасау талаптары да біріздендірілмек. Ережелердің орындалуы мобильді және стационарлық фото-бейнетіркеу кешендері арқылы бақыланады.
Сонымен қатар жүргізушілер үшін қолданыстағы жеңілдіктер сақталады. Атап айтқанда, жолаушыларды отырғызу немесе түсіру кезінде тротуар бойындағы автотұрақтарда алғашқы 5 минут тегін беріледі. Ал алаңдық автотұрақтардан шығуға 10 минут уақыт ақысыз қарастырылған.

Сондай-ақ соғыс ардагерлері, мүгедектігі бар адамдар, көпбалалы аналар, электр көлігі иелері және жедел қызмет көліктері бұрынғыдай автотұрақ ақысын төлеуден толық босатылады.


«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz