RU
Толық нұсқаға өту

Атырауда ескі үйлер жаңғыртылып жатыр

31.07.2026, 08:40 36

Биыл бөлінген 437 млн теңгеге тозығы жеткен 4 үйдің қасбеті жаңартылып, шатыры мен кіреберіс есіктері ауыстырылады. Маңызды жобаны жүзеге асыруға 3 мердігер мекеме тартылды.

Жөндеу жұмыстары қыркүйек айында аяқталады. Жалпы, өңірді дамыту бағдарламасы аясында кейінгі 3 жылда 17 көпқабатты үй жаңұғыртудан өтті. Одан бөлек, қаладағы инженерлік-инфрақұрылым желілері де ауыстырып жатыр. Биыл 18 шақырымға жуық құбыр жаңартылады. Ал Балықшы, Авангард және Орталық ықшам аудандарындағы құрылыс жұмыстары жақында аяқталады. Сондай-ақ 300-ден астам тұрғын үй гидравликалық сынақтан өтті.

Еркеназ Қалижан, Қалалық әкімдіктің баспасөз хатшысы:

- 2024 және 2025 жылдары қала бойынша 9 үй осындай сәулеттік жаңғыртудан өтті. Олар Нарбеков көшесіндегі 2 үй және Сәтпаев көшесіндегі 7 үй. Ал келесі жылы 2027-2029 жылдарға 13 үй осылай сәулеттік жаңғыртудан өтеді деп жоспарланып отыр. Қазір жоба жасақталуда. Жобаның оң қорытындысы алынғаннан кейін алдағы уақытта жұмыстар жалғасын табады.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz