Қазақстанда стратегиялық цифрлық майнингті дамытуға бағытталған жаңа тетік енгізілді. Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігі әзірлеген тиісті қағидалар Үкіметте бектілді.
Жаңа бағдарлама ірі инвестициялық жобаларды тартуға және цифрлық активтер индустриясын дамытуға бағытталған. Оған қатысу ерікті түрде жүргізіледі. Стратегиялық цифрлық майнер мәртебесін белгіленген талаптарға сай келетін компаниялар ала алады. Өтінімдерді министрлік жанындағы арнайы комиссия қарайды. Бағдарламаға қатысушылар электр энергиясын өндірушілермен 10 жылға дейін тікелей келісімшарт жасай алады. Бұл ретте электр энергиясының бағасы заңнамада белгіленген шекті тарифтен аспауы тиіс. Ал стратегиялық майнерлер өндірілген цифрлық активтердің 10 пайызын Ұлттық стратегиялық крипторезервке аударады. Бұл үлес электр энергиясын сатып алу мен жеткізу шығындары шегерілгеннен кейінгі көлемнен есептеледі.
Тегтер #хабар24 #жаңалықтар #ЖИ және цифрландыру #өтінімдерPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz