ІІМ әлеуметтік желілерде ел азаматтығын заңсыз алғаны туралы жалған ақпарат таратқан ер адамның жеке басын анықтады. Ведомство бұл мәлімет шындыққа жанаспайтынын, қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді, деп хабарлайды «24KZ».
Бұған дейін әлеуметтік желіде ер адам Қазақстан азаматтығын еш қиындықсыз алғанын айтқан видео тараған болатын.
Қазақстан Ішкі істер министрлігі тексеру жүргізіп, мәлімдеме авторының жеке басын анықтады.
ІІМ ресми өкілі ер адам көршілес мемлекеттер бірінің азаматы болып шыққанын хабарлады.
«Тексеру барысында оның Қазақстан азаматтығын алғаны туралы таратқан ақпараты шындыққа жанаспайтыны анықталды. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды», - деді ҚР ІІМ ресми өкілі Шыңғыс Әлекешев.
Қазіргі уақытта шетелдік әріптестермен бірлесе отырып, қажетті іс-шаралар жүргізіліп жатыр.
ІІМ көрінеу жалған ақпарат тарату және арандатушылық әрекеттер, оның себебіне қарамастан, ел заңнамасына сәйкес жауапкершілікке әкеп соқтыратынын ескертті.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #ІІМ #жалған ақпарат #шетел азаматы #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz