Түркістан облысының Шардара қаласында «Тама-Тастанбек» топтық су құбыры пайдалануға берілді.
Жоба Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша Үкіметтің қолдауымен екі жыл ішінде жүзеге асқан. Су құбырын іске қосу рәсіміне Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев, Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов пен Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров қатысты. Жаңа су құбыры 31 мыңнан астам тұрғынды сапалы ауыз сумен қамтамасыз етеді. Осылайша, қала Шардара су қоймасына тәуелділіктен арылады. Жоба аясында жалпы ұзындығы 39,3 шақырым болатын екі магистральдық су құбыры тартылған. Төрт су резервуары, су тазарту қондырғысы және екі сорғы стансасы салынды. Сонымен қатар тереңдігі 110 метр болатын 14 ұңғыма бұрғыланып, 133 құдық камерасы орнатылды.
Тегтер #шардара #ауыз су #үкімет #премьер министрPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz