Атырау облысында бес теміржол вокзалы пайдалануға берілді. Аққыстау, Құрманғазы, Сағыз, Мақат және Доссор вокзалдары күрделі жөндеуден өтті.
Ғимараттардың сыртқы келбеті мен ішкі инфрақұрылымы жаңартылып, күту залдары мен қызмет көрсету аймақтары заманауи жабдықталды. Қазір Жамансор, Мұқыр және Исатай теміржол вокзалдары жаңартылып жатыр. Ал Атырау вокзалы қазан айында қолданысқа беріледі. Өңірде 16 теміржол вокзалы жұмыс істейді. Оларды жаңарту кезең-кезеңімен іске асады.
Жақсылық Алтыбаев, Доссор кентінің тұрғыны:
- Заманауи, үлкен, қарап шықтық. Бәрі де халық үшін. Жақсы қызмет көрсететін орын болып шыққан. Бұл енді Доссор халқы үшін үлкен мақтаныш. Бұл жерден көптеген пойыздар әрі-бері жүріп жатады.
Қайрат Нұртаев, облыс әкімінің орынбасары:
- Қаладан кейінгі ең үлкені – Жылыой ауданы, Құлсары қаласы. Мұнда кәсіпкер өз қаражаты есебінен вокзал ғимаратын салып, қазіргі таңда біз оны жергілікті меншікке алдық. Қазір Қазақстан теміржолына беру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Тегтер #Атырау облысы #теміржол #вокзалдар #жаңғырту жұмыстарыPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz