RU
Толық нұсқаға өту

Бірлігі жарасқан теміржолшылар әулеті

01.08.2026, 12:00 23

Ақмола облысында теміржол саласындағы жалпы еңбек өтілі үш ғасырға жуықтайтын үлкен әулет тұрады.

Өмірзақовтар отбасының оннан астам өкілі өмірін болат жолмен байланыстырған. Әрқайсысының 15 жылдан 45 жылға дейін өтілі бар. Ералы Өмірзақовтан басталған қызмет бүгінде үшінші буынға жалғасып отыр.

Ардагер теміржолшы Ералы Өмірзақов биыл тоқсан жасқа толады. Ең алғаш еңбек жолын облыс орталығының іргесінде орналасқан Золоторун станциясын да бастаған. Бір орында тапжылмай жарты ғасырға жуық еңбек еткен. Марқұм жары да 38 жыл теміржол саласында тер төккен. Қазір олардың жолын балалары жалғасырып жатыр. Тіпті алды зейнетке шығып үлгерген. 

Оразбек Өмірзақов, ардагер теміржолшы:

- Бізде алты баламыз. Төрт ер бала, екі қыз бала. Ер балалардың төртеуі де теміржол да істейміз. Қарындасым да теміржолдың больницасында істеп жүр. Апамыз мында тоже Көкшетауда. Жездеміз де темір жолда істеген. 

Балалары үшін әкелерінің жүріп өткен жолы мен абыройы қымбат. Сондықтан олар өздерінің ұл қыздарын да осы салаға баулыған.

Маратбек Өмірзақов, облыстық магистральдық желі бөлімшесінің бөлім бастығы:

- Қазір менде теміржолшы болғасын балам да оқу бітірген де қайда оқуға барам дегенде мен оған айттым «балам, менің әкем кезінде айтқан теміржолшы қай заман болмасын сені асырайды деп». Балама соны айтып, ол да осы саланы бітіріп, енді қызмет 11 жыл бойы істеп жүр. 

Теміржол – ел экономикасының күретамыры. Өйткені оның жұмысы барлық саланың дамуына ықпал етеді. Сондықтан сала мамандары уақытпен санаспай жұмыс істейді. 

Әнуарбек Өмірзақов, станция бойынша кезекші:

- Күні бойы, түні бойы істейтін жұмыстар бар. Сменный жұмыстар бар. Путеецтар бар, солар күндіз суыққа қарамай, ыстыққа қарамай жолда жүреді. Біз дежурный по станции қауіпсіздік қарап, поезд өтіп жатқан да сол контроль жасап өткіземіз сол поездарды. Жұмыс қызық бір жағынан, қиын да қызық. 

Айта кету керек, соңғы жылдары теміржол саласына мемлекет тарапынан айрықша көңіл бөлініп отыр. Тек Ақмола облысының өзінде былтырдан бастап 16 теміржол вокзалы жаңартылды.

Абзал Азаматұлы, Евгений Шинкаренко

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz