RU
Толық нұсқаға өту

«Сырым» автомобиль өткізу пункті жаңғыртудан өтіп жатыр

02.08.2026, 20:00 41

Батыс Қазақстан облысындағы «Сырым» автомобиль өткізу пункті жаңғыртудан өтіп жатыр. Бұл Қазақстан мен Ресей шекарасының түйіскен тұсында орналасқан бекет.

Жұмыс барысымен Көлік министрлігінің мамандары танысты. Жауаптылар жыл соңына дейін жобаны аяқтап, қолданысқа қосуы қажет. Жергілікті басшылыққа шекараға кіреберіс жолдардағы жүк көліктерінің қозғалысын ұйымдастыру, жүк көліктерінің кептелісін болдырмау және шекарадан өту уақытын қысқарту туралы тапсырма берілді. Қазір елде көршілес мемлекеттермен шекарада орналасқан 37 автомобиль өткізу пунктін жаңғырту бағдарламасы іске асып жатыр.

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz