Қостанай облысының Науырзым ауданында болған жол-көлік оқиғасы салдарынан бір адам қаза тауып, тағы төрт адам түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды «24KZ».
Облыстық полиция департаменті бастығының орынбасары Аманжол Байзақовтың мәліметінше, жол апаты 2 тамыз күні сағат 09:30 шамасында Қараменді ауылының маңында JAC S3 Pro автокөлігінің қатысуымен болған.
Алдын ала мәлімет бойынша, жүргізуші көлікті басқара алмай, жол жиегіне шығып кеткен. Соның салдарынан көлік аударылған.
Жол апаты салдарынан бір жолаушы оқиға орнында көз жұмды. Жүргізуші мен тағы үш жолаушы түрлі дене жарақатымен ауруханаға жатқызылды.
Аталған дерек бойынша полиция сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.
Қазіргі уақытта апаттың барлық мән-жайы мен себептерін анықтауға бағытталған қажетті тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тергеу қорытындысы бойынша тиісті процестік шешім қабылданады.
«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз
Тегтер #Қостанай облысы #жол апаты #полиция #24жаңалықтар #24KZPhone: +7 (7172) 757 485
E-Mail: 24kz@khabar.kz