RU
Толық нұсқаға өту
фото: Алматы ПД

Есірткіні белгіленген орындарға жасырған: Алматыда кәмелетке толмаған қыз бала ұсталды

03.08.2026, 09:43 41

Алматы қаласында полицейлер есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратты деген күдікпен кәмелетке толмаған қызды ұстады, деп хабарлайды «24KZ».

Қалалық Полиция департаментінің мәліметінше, Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Медеу ауданында такси көлігін тоқтатқан. Көлік ішінде кәмелетке толмаған 3 қыз болған. Жедел ақпаратқа сәйкес, олардың бірі синтетикалық есірткіні жасырын орындарға қалдыру арқылы таратумен айналысқан.

Тексеру барысында күдіктіге жеке тінту жүргізіліп, түрлі түсті оқшаулағыш таспамен оралған бірнеше түйіншек тәркіленді. Олардың арасынан өсімдік тектес заттар мен алдын ала мәлімет бойынша кристалл түріндегі синтетикалық есірткі табылған.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары жасөспірімді қылмыстық әрекетке кім тартқанын, есірткінің жеткізу арнасын және заңсыз схеманы ұйымдастырушыларды анықтап жатыр.

Сонымен қатар оның мұндай әрекетке баруына не себеп болғаны, ата-анасының бақылауы мен тәрбиесіне қатысты жағдайлар да жан-жақты зерделеніп жатыр.

«24KZ» Telegram-арнасына жазылыңыз

Тегтер

Phone: +7 (7172) 757 485

E-Mail: 24kz@khabar.kz